Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  198


Автор: Бақыт Беделханұлы

Түседі менің əлі, əлі есіме...

Түседі менің əлі, əлі есіме,
Бақытқа толы бал күнім.
Бала боп еріп дала көшіне
Аға боп кеткен тағдырым.
Түседі менің əлі əлі есіме
...Жылап та қалған əр күнім.
Далиып жатқан дала төсіне
Тастап қашқанда барлығын,
Басталған еді тағдырым.
Түседі менің əлі əлі есіме
Адасқан жолым алғашқы.
Тағдырдың салған сол əуресіне
Алғашқы жолым жалғасты...
Түседі менің əлі, əлі есіме!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу