👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  32


Автор: Бақыт Беделханұлы

Оңаша отау, менің анамды жылатпаңдаршы.

Оңаша отау,
менің анамды жылатпаңдаршы.
... құлатпаңдаршы ордамды.
Жеті қазынам мен жеті атам бар ғой,
Ойрандамаңдар ол маңды!
Кей-і-н... өздерің өтер өткел ғой,
Асфальттамаңдар, жалғыз аяқ жолдарды!
Оңаша отау, менің ауылым –
қара шаңырақ,
... балаша жылап қалмасын.
Жеті жасқа дейін жеріне сіңген
көзмоншақ еді-ау көз жасым.
Таза бұлақтың тамыры сонда жататын,
Соған да жетпей қалмасын сор-басың.
Оңаша отау, менің өмірім – қыңыр көше еді.
/Қоғамың қандай ізетті.../
Арба сүйреген өгізге рах-а-т,
...қыңыр көшені түзетті.
«Өк!» – дейтін атам үндемеген соң;
Тəубесіз тағдыр-табанымнан менің сыз өтті.
Оңаша отау,
Енді анамды жылатпаңдаршы,
...құлатпаңдаршы ордамды.
Жеті қазынам мен жеті атам бар ғой,
Ойрандамаңдар ол маңды!
Кей-і-н... біздердің жырларымызды оқып,
Талқандаңдаршы, тас қала салған
жолдарды..


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы