Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  129


Автор: Бақыт Беделханұлы

Отыңа орап алып кет

Сенің жаныңды сезінгенімде,
Аяулы күнде көктеген.
Қаяу салардай кез ілгенімде,
Менсіз күніңді жек көрем.
Менменшіл деме, сенсіз өмірім,
Менің де мүмкін, даттаулы.
Көзің арбалар көзсіз сезімім,
Қажет етпейді ақтауды.
Көлгірсіп тұрар өңгелер, бəлкім,
Олардың да сол... аяғы.
Періштелік те пенделер даңқын,
Шығара алмайды... баяғы.
Менің жанымды сезінгеніңде,
Лапылдап от боп жанып кет!
Сенің жаныңды сезінгенімде,
Отыңа орап алып кет!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу