Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  107


Автор: Бақыт Беделханұлы

«Ал-ла, Ал-ла!» бұл құдірет есімді...

«Ал-ла, Ал-ла!» бұл құдірет есімді,
Жатқа айтқан соң, кіндік бауым кесілді.
...Күндіз күннен, түнде айдан төгілген,
Уақыт неге, нұрына орап өсірді?
«Ал-ла, Ал-ла!» бұл құдірет тылсымды,
Айтқан сайын көкірегіме нұр сіңді.
Уақытқа да жан бітіріп тұрғандай,
Тыңдап көрсем, жүректегі дүрсілді.
«Ал-ла, Ал-ла!» бұл құдірет ғажап үн,
Аударғанда айдай əлем назарын.
Кең дүниеде көкірегімді кернеген,
Жусан болып, бұрқырасын ғазалым.
...Сен мəңгісің, тіршіліктің тірегі!
Бақи мəңгі жүрегімнің жыры еді.
Адамдардың кеудесінде екен ғой,
Уақыттың жүрегі..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу