Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  117


Автор: Бақыт Беделханұлы

Мұндағы бар шындық өтірік...

Мұндағы бар шындық өтірік,
Бос əуре.. Жалғанның іші.
Саф алтын торында отырып,
сайрайды арманның құсы...
Алтын тор мақтаулы. Ал, бірақ,
бұлыңғыр бұлбылдың үні.
Жылайды жүрегім қарғылап,
шықпайды құрғырдың тілі...
Жабыққан, сəттерде шаршаған
Шарлағым келеді көкті.
Алтын тор аз ба? – деп, ал саған
Ауырттың неге жүректі?!
Мен соның жұмбағын таба алмай,
Қалай? – деп, сұраймын, осың?!
Жоғалып, табылған адамдай
Күлемін, жылаймын, сосын...
Түнеріп тұрғанмен өтірік
Жап-жарық жалғанның іші.
Саф алтын торыңда отырып,
Сайрай бер, арманның құсы..!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу