Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  112


Автор: Бақыт Беделханұлы

Иə, мен бəріне сеніп жүргенмін...

Иə, мен бəріне сеніп жүргенмін,
Алдамайтындай ақ арман.
Келешегім деп керім күндердің
Нұрына шомып жаңарғам.
Зеңгір Көкпенен тілдесем дегем,
Қап кетпей қапас тірлікте.
Құдай-ай, сонда кімге сенген ем,
/...Кімге сенуді білдік пе?/
Арман көп еді қайбірін айтам,
Қараймын көкке үркектей.
Түнмен сырласып, айды мұңайтам,
Жұлдыздай үміт жылт етпей.
Бəрі де бəрі тас-талқан ба енді,
Аңқау көңілім алқынба!
Бағзы тірліктен бас тартар ма еді,
Баладай мұңсыз қалпыңда.
Бақытқа балар бал күнім менің,
Жарқыраса ғой жаны-нұр.
Тəуелсіз атқан таңғы гүлдерім,
Шуақты аңсап əлі жүр.
...Фəниге мынау бəрі бір.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу