Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  97


Автор: Бақыт Беделханұлы

Сықыр-сықыр төсек сабап белімен...

Сықыр-сықыр төсек сабап белімен,
Ұл сұрамай пұл сұрайтын көкке ұлып.
Сайтандар жүр саясаттың желімен
Қолтық терін кептіріп...
Бəрі ақылды бір-біріндеп сөйлессең,
Тентек судай айналғанда тобырға.
Тал қарматып тындырады кейде естен,
Сен де кейде жан бересің жолында.
Ібілістің сайтан ұстады асасын.
Ал пендеге періштелік жазбаған.
«Абыз басты» ақымақтар жасасын,
Пенде болып туғанына мəз болған!
Өсем десең, қызымет қыл, түңілме,
Ең əуелі патша... сосын ақшаға.
...Өкпелейтін жұрт қалды ма бүгінде
Насыбай мен шақшаға?!.
Бəрі ойлайды атамша емес, жаһанша,
Бізді қойшы, ит сүйреген ырысын.
Əңгімені жалғастырсам апамша,
«Ой, тұқымы құрысын!»
Бір шындыққа жеткізгенмен көзіңді,
Мың сұмдыққа тұсалған көп арман бар.
Жəй əншейін айта салған сөзімді
Шын екен деп қалмаңдар,
Қазақпыз ғой!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу