Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  132


Автор: Бақыт Беделханұлы

Шолпанға

Жақсы қыз ең ғой, жұртының жанын
тербеткен,
Бесіктей бөлеп жүр ме екен,
ауылың – сен кеткен.
Сəруар-нұрдың қанатындағы – Қарагөз,
Жібек пен Баян, Еңлік те елін
шөлдеткен.
(Сен едің сондай ару қыздарды
сөйлеткен)
Қайран да біздің қайыспас, қайсар
шешелер,
Қадірлеріңді кеш ұғып жатсақ, кеше гөр.
Өзіңді көріп, сене алмаушы едік
қазақтың
Батыр қыздары сұлу болмаған десе егер.
Сұлу қыздары батыр болмаған десе егер.
Дүниеге сыймай жүруші ең мынау
кеңдікте,
Бар еді сенде батылдық жігер, ерлік те.
Сыйыспай жүрген талай жандарды
сыйлатып,
Шақырушы едің елжіреп алып, елдікке.
(Ондайда біздер жүрекке кеңдік
бердік пе?)
Қыз Құртқа сынды тұлпар мен Ерді тең
баптап,
Өмірге қадам басқан едің ғой енді аттап.
Шолпан жұлдыздай ғұмыры қысқа
жарығым,
Таң атқан сайын отырсын енді ел
мақтап...
Жалын боп шарпып, өкінген сайын
от-тыныс,
Еске алар сені мына əлем бір сəт боп
тыныш.
Құдіретке кеткен бөленсін рухың
құрметке,
Мəңгілігіне зау көктен ұшқан текті құс!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу