Өлеңдер ✍️
Жұлдыз түкті Ай-жүрегі жылап қалған ауылдан...
Жұлдыз түкті Ай-жүрегі
жылап қалған ауылдан,
Аттанғанда қай жылы еді?..
Мен де сендей ауырғам.
Қарт даланың жүрегінен жыр-жебе боп
атылып,
Қара тасқа қирап түсіп, сөгілгенде
қабырғам.
Сонда менің қос қанатым пыр-пыр етіп,
тас қауып
Сені ойладым.
Ал қызылға айналғанда ақ сауыт.
Өлердей боп сүйіп тұрып, сұр қаланы
жек көргем.
Содан бері жалғыздықты жатам жанға
жастанып.
Содан бері маңдайымда қасіреттің
қатпары.
Аз да емес, есім кетіп, шын қуанған
шақ тағы.
Алайда анау, аманаты ақсақалды
ауылдың
Алшаңдатпас, арқамызға аяздай боп
батқаны.
Құлап, тұрдым. Қайта ұмтылдым.
Қайтардым да жау десін.
Қуат қылдым, шуақ, нұрдың жыр боп
түскен сəулесін.
Ақын болу міндет те емес, парыз да
емес екенін
Түсіндіріп кімге айтамын, кімге
артамын əуресін.
Өлең, өлең Ғаламдағы тасты нұр боп
жібітсін,
Өлең, өлең Жанардағы жасты бір рет
іріксін.
Ақындардың жүрегінің ішіндегі жүректі,
Өз ұлтының ары екенін, жаны екенін..
Жырдан басқа кім ұқсын?!.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter