Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  163


Автор: Бақыт Беделханұлы

Нұртілеу Иманғалиұлына

Арқалансаң, дауылдай дүркіредің.
Ақтарылсаң, жауындай сіркіредің.
Алды-арты жоқ батырдай атқа мінсең
Жалғандықты жауыңдай сілкіледің.
Шындық үшін əрқашан шыр-пыр едің.
Ұйыстырар ұлт болып, шын тілегің.
Алты Алаштың алдында ақ жарылдың,
Айтарыңды ішіңе іркімедің!
Жүрегімен сүйетін жұртын, елін
Нұртілеудің бер, Құдай, бір тілегін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу