Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  371


Автор: Бақыт Беделханұлы

Ат жалын тартып мінер азамат...

Ат жалын тартып мінер азамат,
Алты жасында-ақ алағай.
Алқыныс бермес қазанат,
Құлын кезінде-ақ, сол алты жасар баладай.
Төбесін көкке тигізіп,
Аспандағы айға да құрық салатын.
Жұлдыздан жүген кигізіп,
Тартып отырса, жүрегі оттай жанатын.
Менің осындай рухым болатын,
Жалғанды жалпағынан басарға.
Шолпанның шолпысын қағатын,
Тəңірім берген Таң рауанын шашарда.
Балағын түріп бұлт кешсе,
Толарсағынан нұр жауған.
Оғланына еріп жұрт көшсе,
Отыз күн ойнар, қырық күн
тойлар күн болған.
Қайран да қайран қайран күн,
Қайырылып соғар сəтің қайда екен?!
Жылқым жайылса,
қайысып кетер қара адыр,
Жерұйығымның топырағы да майлы екен.
...Қолына құрық ұстап бала жүр,
Аңдағаны тай ма екен. əлде, Ай ма екен?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу