Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  204


Автор: Бақыт Беделханұлы

Шаңырағым бар еді...

Шаңырағым бар еді,
Алты Алашымның айқасып жолы
өрілген.
Түңлігін түрсең, Тəңірдің нұры төгілген.
Кең дүниедей керегем менің керілсе,
Жеті қазынам табылатұғын төрімнен.
Ай менен Күннің төбемнен нұры
құйылып,
Сыртымнан жау да қарайтын еді күйініп.
Отағасы мен Отанасына сүйініп,
Ізет қылатын уықтары да иіліп.
Құдайы қонағы ат байлайтұғын мамаға.
Адасқан адам түнеп қалмайтын далада.
Қазаны оттан түспеген қазақ едім ғой,
Тəңірім өзің қалдыра көрме табаға!...
Шаңырағым бар еді,
Шаттығым шайқап, шалқайып жатар
есігі.
Жерұйықпенен бірге еді оның көшуі.
Кəсібі менен нəсібі сондай ел едім,
Ер-жүрек ұлды есейткен алтын бесігі.
Азаматтарым, қазанаттарым – атандай.
Бүгінде, сірə, жігіт қалды ма заты
ондай?..
Табалдырығын басқызбайтұғын ешкімге,
Алдымен анау қара шаңырақтан бата
алмай...
Сол шаңырақты...
Бүгінде қағып тастапты жерге сыналап.
Дөңгелек үйге сыймады ма екен, сірə,
бақ ...
Батасын емес, жапасын айтып жылайды,
Терезесінен телміріп бір көз сығалап;
«Шаңырағым қайда, шаңырағым?»
дейді, сұрайды...
Мына заманда... сұрағы шалдың
сұрақ-ақ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу