Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  109


Автор: Бақыт Беделханұлы

Қанатыңнан ұшқан қаршыға...

Қанатыңнан ұшқан қаршыға,
Қара бір терге малшына,
Қара аспан жаққа самғады.
Қара жерде қалып бар шүбə...
Қанатыңнан ұшқан қаршыға,
Қара бір терге малшына,
Қара аспан жаққа самғаса,
Қайыру бермес, енді, шаршыға!
Қайырылып қайта түссе егер,
Алдымен аян-түске енер.
Түсіңде қарға боп кетсе.
Жараңның аузына тұз себер.
Айналып келсе құзғынға,
Себі жоқ себер тұздың да.
Қадірін білмес киенің,
Онда, тірі өлікпіз, біз мұнда.
Қанатыңнан ұшқан қаршыға,
Қара бір терге малшына.
Қара бұлтты көктеп, бір күні
Қайырылып, келер, сəл, шыда!
Арманым қалған ол тұсқа,
Созғанмен қайтем, қол қысқа.
Жұлдыздан, сəлем айтқайсың
Сормаңдай ұлдан сол құсқа




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу