Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  94


Автор: Ошақбай Суханберлин

Жұмбақ өлеңдер

1.Былқ етіп күледі, сылқ етіп күледі.
Қашан көрсең осылай, езуін жимай жүреді.
Көктемнің шуақ күніндей,
Жүре бер мәңгі бүлінбей.
2.Аузын ашса, ар жағы көрінеді,
Бір сөйлесе тоқтамай төгіледі.
Олай-былай өткенде көрінеді,
Әп-әдемі бұрымы өріледі.
Өміріңе тілейміз үлкен бақыт,
Тоқтама жеңісіңе жетпей жатып.
3.Жұмбақ қыздар еркектердің бұлағы,
-кім екен?- дер, әр еркектің сұрағы:
-құр сүйектен құрастырып қойса да,
Қызыл шоқтай жалын болып тұрады.
Шоқтай болып қыздыра бер сөнбейтін,
Тілек берсін, жүрек берсін өлмейтін.
4.Кейде шаңын бұрқыратып даланың,
Зәресін ап, орта оқитын баланың,
Реніші де тез қайтады сол сәтте,
Еркелесе алдына кеп ағаның.
Жүрек солай, алай-дүлей соғады,
Мәртебең де биік болсын жоғары!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу