Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  80


Автор: Ошақбай Суханберлин

Нұртайға

Баба рухын көтеріп, жалғастырып,
Алматыны Арқаға алмастырып,
Бізден жырақ кетіп ең, отырмысын,
Алатаудың белінде малдас құрып?
Желкесіне жетпістің мінгеніңді
Есігіне сексеннің кіргеніңді,
Естідік. Қуанамыз, шын тілейміз
Денің сау, аман болып жүргеніңді.
Жебейтін періштеңді жолықтырып,
Қызыққа айналаңды толықтырып.
Жасай бер бала-шағаң ортасында
Жүзге дейін қажырлы болып тұрып.
Тілейміз отбасыңа бақ-береке,
Тілейміз ұрпағыңа шат-мереке!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу