Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  108


Автор: Ошақбай Суханберлин

Тойға тілек - жыр шашу

Айша!
Нұрхан еді қадіріміз – бәріміздің бас иетін,
Жақсылыққа тәубе дейсің, қалай да олай бас иесің.
Немереңнің шаңырағын өз қолыңмен көтерген,
Ұрпағыңа жұғысты болсын қамқоршылық қасиетің.
Серғазы-Мария!
Тойларың құтты, ұзағынан болсын!
Ұрпағысың Шонай-ата әулетінің киелі,
Айтып өткен жақсы ортада құдай сөзін жүйелі.
Келінді боп, бәйбішеңмен отау тігіп жатырсың,
Құтты болсын, мықты болсын шаңырақтың сүйегі.
Құдаларың әруақты Ақан сері елінен,
Сөзге шешен, орақ тілді от шығатын демінен.
Ел аузында айта жүрер құда болып қалыңдар,
Бір баланы екеу етіп жарастырған делінген.
Мәпелеңдер отау тіккен қос баланы айқарып,
Өсер сонда ұрпақтарың бұтақ жайып жайқалып.
Жалғыз Алла риза болып, ниеті ауса сендерге,
Дүниеде жоқ өздеріңнен тірлігі асқан бай халық.
Ернар-Дамира!
Сендерге бақ пен бақыт тілеймін!
Сендерден кетпей бақыттың құсы,
Қолдасын әр кез сыйластық күші.
Сүйсінсін достар отауға мәз боп,
Қастарың болса, басылсын мысы.
Тілеймін әр кез баянды бақыт,
Тұрсыншы бұлтсыз таңдарың атып.
Шаңырақтарың шаттыққа толып,
Жүріңдер ылғи қуанышқа батып.
Көп болсын адал дос адам,
Мықты болсын босағаң!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Жазира
Жазира 14.12.2022 23:53
Апа жездеме тілек үилену тои

Пікір жазу