Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  123


Автор: Ошақбай Суханберлин

Қайрат бауыр

Жастықтың жалынды жалауын,
Жүректен от шашқан алауын.
Сүйретіп келесің өткенді,
Мол қылып ұрпақтың тарауын.
Бауырмал, әлі де солайсың,
Болмадың ешкімге қолайсыз.
Туысты туыс қып жинаған,
Жан-жағың бұданда молайсын.
Тілеуші ең жасыңнан жақсылық,
Жетілдің көрсеңде тапшылық.
Бағың бар Оркендей жар сүйген,
Бір Алла жаратқан жақсы ғып.
Сен бүгін – бәйтерек тұлғалы,
Ержеткен қыздары, ұлдары.
Бәрінің жүзінде шаттық бар,
Шуақ боп төгілген нұрлары.
Жетпіске шығып ап, шалқайып,
Отырсың бүгінде марқайып.
Жүріңдер қос аққу тербеліп,
Дегізбей: «қапты ғой қартайып»
Өміріңді жүргендер жалғастырып,
Біз тілейміз оларға бар жақсылық.
Жүзге дейін ауырмай отыра бер,
Солардың ортасында малдас құрып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу