Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  112


Автор: Ошақбай Суханберлин

Баймұханның туған күніне

Өмір-өзен...
Жылжып ағып жатады.
Бір жерден шығып,
Бір жерге барып батады.
Кешегі жастық,
Жастықтың қимас кездері,
Қалды бүгін,
Естелік боп атағы.
Өмір-өзен...
Тоқтамай ағар мәңгілік,
Аққан сайын,
Түрар қайта жаңғырып.
Жылдар белгі,
Ажарыңа салса да,
Келеміз айтып,
Ағаларды ән қылып.
Осылай өмір,
Барады өтіп байқалмай.
Көшіміз түзу,
Келе жатыр шайқалмай.
Несіне біз адамбыз
Егер жүрсек ез болып,
Бірімізге біріміз
жылы лебіз айта алмай.
Өзің де бүгін
Алатаудай биіксің.
Өмірлерің болмасыншы
сұйық тым.
Ақырындап жүзге дейін жеткенше
Жаныңда жүрсін
Қайыркендей сүйіктің.
Бүгін міне,
Баймұханда мерейтой,
Кім айтады
Бұл тойыңды кедей той.
Жекжаттарың,
Алыс-жақын жиналып,
Думандатып
Бастап кетті ерен той.
Айтар тілек:
Ғұмырлы бол ауырма,
Беделді бол,
Ақылшы бол қауымға.
Отбастарың,
Бала-шағаң аман боп,
Қамқоршы бол,
Үлкен-кіші бауырға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу