Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  101


Автор: Ошақбай Суханберлин

Әбдірахманға

Пай, пай шіркін дүние, қара нарым,
Ортаңнан үздік шығып дараландың.
Жетпіс бес дейтін бекетке келдің жетіп,
Артқа тастап салмағын замананың.
Қадірлі, құрметтісің, азаматсың,
Бұл күнде денең шымыр қазанатсың.
Асықпай баяғы бай мінезбен,
Жай-жай басып жүзге де бара жатсың.
Жақсылықты тілесең неге келмес,
Бағаласаң бергенін, неге бермес.
Қырмызы ғой бағың да, бақытың да,
Баға жетпес байлығың келе бермес.
Ұстаздықты жалықпай кәсіп еттің,
Ойлы-қырлы өмірді басып өттің.
Енді Алладан сұрайтын-тілегіміз:
Тағы бір жиырма бесті нәсіп етсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу