Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  81


Автор: Ошақбай Суханберлин

Қалкенге

Абзалсың, абзал ана, асыл жансың,
Тегің мықты жаралған асылдансың.
Құдай берген саулықтың арқасында,
Алпыс деген асудың басындасың.
Ерекшесің, сүйкімді жаратылған,
Бөлек жансың, аса бір дара туған.
Отбасының ұйтқысы, от анасы,
Ай сияқты жүресің жаңа туған.
Бала-шағаң, қосағың аман болсын,
Қазаның мол, тыныштық заман болсын.
Жасай бер ауырмастан жүзге дейін,
Өзің біл, қайда барсаң, одан кейін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу