Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  94


Автор: Ошақбай Суханберлин

Иман-Раузаға

Жастық дәурен әп-сәтте кеткен өтіп,
Кеше ғана жүрмеппе ең өлеңдетіп.
Алла берген нәсіптің арқасында
Алпыс дейтін ауылға келдің жетіп.
Алдымызда Нұрекең аға батыр,
Сексен дейтін ауылға бара жатыр.
Жетпіс дейтін жұртыма сендер де аман,
Отыр дейтін сияқты қонып жақын.
Осындайда талай аңыз айтасың,
Жастық шаққа кейде барып қайтасың
Осынау келген мерейтойдың үстінде
Тілегім бар, тыңда саған айтатын.
Бірінші тілегім:
Құтты болсын алпыс–мерейтойларың,
Орындалсын, тілектерің ойларың
Туғандарың, өздерің де аман боп,
Келе берсін қырдағың мен ойдағың
Екінші тілегім:
Алпыс, жетпіс, тоқсаннан мүдірмей өт,
Ойлы-қырлы жерлерден сүрінбей өт.
Жылтыңдаған жас қыз бен келіншекке
Тоқсандағы шал құсап үңілмей өт.
Үшіінші тілегім:
Біледі адам жазмыштан озбасын,
Өзің тозба, көңіліңде тозбасын.
Қуанышың қуанышқа қосылып,
Жанұяңда жаманшылық болмасын.
Төртінші тілегім:
Қиындықтың қандайына қасарып,
Талай-талай қызықтарды жасадық.
Сондықтан да арамызда жүре бер,
Жүр осылай, жүре берші жасарып.
Раузаға:
Сен де кепсің алпысқа жарыңменен,
Кеудеңдегі бір жанған жалынменен.
Көп жасай бер бір жүріп қосағыңмен,
Өмір бойы бөлісіп балыңменен.
Ұрпақтарың аман-сау бола берсін,
Бастарыңа бақ- дәулет қона берсін.
Екеуіңде қос емен-саяларың,
Немере, шөбереге тола берсін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу