Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  92


Автор: Ошақбай Суханберлин

Деметкенге

Алпыс дейтін асудан асып бара жатырсыз,
Көңіліңіз жоғары тасып бара жатырсыз(тіфә-тіфә)
Айтып-айтпай не керек,
Жастық шақтан білдіртпей қашып бара жатырсыз.
Ұлағатты ұстазсыз, әрі абзал анасыз,
Ұрпақтардың есінде сіз солай боп қаласыз.
Бала-шаға жайлайтын, көк шалғын боп жататын,
Шалыңменен екеуің, дархан-дария даласыз.
Қайраты бар адамның асуы жоқ алмаған,
Мұратына жетеді, қанаты бар талмаған.
Денсаулығың жоғары, жанұяң болсын аманды,
Тілегіміз осы еді, Алладан болсын қалғаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу