Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  83


Автор: Ошақбай Суханберлин

Қыдаштың туған күні

Келдік біз ішейік деп көсіліп-ай
Қауқылдасып отырып, шешініп-ай.
Құтты болсын айтамыз арнап саған
«Таз» қойған туған күнің бесінші май.
Көрші-қолаң жекжаттар, бала-шағаң,
Бәрін де күтіп жүрсің келіп шамаң.
Біздің де тілеуіміз бір құдайдан,
Ұрпағы Қыдырбайдың болсын аман!
Кешегі Сқақұлы Қыдырбайсың,
Баяғыдай жоспарсыз қыдырмайсың
Бурыл тартқан басыңмен қыз-қырқынға
Әлі де көзді салып қырындайсың.
Бұның бәрі денсаулықтың арқасы,
Өрісің бар, сен ортада–нар тасы,
Бәрі сенен қуат алып өседі,
Бола біл панасы да, қалқасы.
Болсын досым, болсын бауыр-жақының
Сақта өзіңді берер саған ақылым.
Сені күтіп пайғамбардай баптаған,
Жүз жасасын Рауза-ханым, айқабақты қатының!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу