Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  78


Автор: Ошақбай Суханберлин

Жолшекеңе

Өмірдің алуан түрлі жолдарынан,
Асу бермес асқар тау, жондарынан,
Аман-есен келесіз, Аллаға аян,
Тілегіңіз қашанда оңғарылған.
Жетіп міне, жетпістің желкесіне,
Қонғандайсыз бураның өркешіне.
Осындай ғып қарттарын құрметтейтін
Бақ тілейміз Ақтайдың өлкесіне.
Ұлассын ғибрат-той тойыңызға,
Дуылдассын қырымыз, ойымызда.
Сіз дегеннің тілегі қабыл болып,
Алла қуат дарытсын бойыңызға,
Жетпіс жасқа желдіртіп жетіп келіп,
Соңыңыздан бізді де ентіктіріп,
Жетіңіз сексен деген сері ауылға,
Жамбасты алдын-ала бекіттіріп.
Сіз, жеңгей – екі жүрек, жан ырғағы,
Бірге соғып шөліңді қандырады.
Сіз бір алып бәйтерек миуалы,
Әр аймаққа жайылған тамырлары




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу