Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  90


Автор: Ошақбай Суханберлин

Жаушы жаңбыр

Жаушы жаңбыр, гүл құшағын ашады,
Жаушы жаңбыр, гүл ұрпағын шашады.
Елдің еңбек жемісіндей сезілген,
Жұпар иісің бәрінен де асады.
Жаушы жаңбыр, жаушы жаңбыр тағы да,
Ләзәт беріп, ләзәт беріп жаныма.
Жаушы жаңбыр, жуып өтші басымды,
Мен жүрейін жаман ойдан арыла.
Жаушы жаңбыр, тазартайын басымды,
Шаң ұйысқан бір жазайын шашымды.
Мен сүйсініп саған қарап тұрғанда,
Естіртпеші аспандағы тасырды.
Бірақ неге көп жауасың селкілдеп,
Мазасыз ғой жапырақтар желкілдеп.
Қыздың әлде көз жасы ма төгілген,
Күдер үзіп сүйгенінен еңкілдеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу