Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  108


Автор: Ошақбай Суханберлин

Жүрек толқуы

«А»-дегеннен көмекейің көрінер,
Ағыл-тегіл сөздерің де төгілер.
Жастық шақтан мен алыстау жүрсем де
Әрбір саққа көңіл шіркін бөлінер.
Толқып кеуде буырқанып басылар,
Түсі игіге көңіл құлап ашылар.
Дүбіріне қосылардай жарыстың
Ие бермей сорлы жүрек ашынар.
Ашынады жүрегім, ашынады,
Арнасынан аспады, тасымады.
Бірақ өзің қиялай өткеніңде,
Бұлқынып қап, жұлқынып басылады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу