Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  88


Автор: Ошақбай Суханберлин

Кешір

Кешір қалқам, көріп едім сағымды,
Ұстай алмай содан жаным қағынды.
Сенің қандай қасиетің бар еді,
Селт еткіздің менің жастық шағымды.
Кешір қалқам, ұстай алмай өзімді,
Кете алмадым, ала алмадым көзімді,
Қысыламын қылығыма қиналып,
Кешір қалқам, алдау қиын сезімді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу