Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  87


Автор: Ошақбай Суханберлин

Көмекейден келеді күлкі

Көмекейден келеді күлсең күлкі,
Қызық өмір әркімге болса мүлкі.
Бір шыңырау түбі жоқ армандасаң,
Қиялдасаң жеткізбес қиял-түлкі.
Қызық өмір әркімге қызық өмір,
Көтеріліп жүреді бір күн көңіл.
Бір күн көңіл пәс болғанда сұрланып,
Сары уайым басады тұйық өңір.
Дүниеге ие көп, тым ие көп,
Жатқанында білмейсің кім ие боп.
Бүгін көрген қызығың ғайып болып,
Ертең артта қала ма дүние боқ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу