Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  89


Автор: Ошақбай Суханберлин

Шіркін дүние

Шіркін дүние сумаң-сумаң айнала,
Өкпелемес «беті қисық айнаға».
Жұрек жара болғанымен сергек қой,
Түсе қоймас еппен құрған айлаға.
Ғажап екен бұл дүниенің адамы,
Ғажап екен әрбір басқан қадамы.
Өмір деген ойлай білсең дария,
Жүзе алмаған тарта берер сазаны.
Мұңсыз өмір, өзі мұңсыз, мен мұңлы,
Неғылғанмен болмадым ба бір құрлы.
Ойланамын, түбі шексіз ойым бар,
Айта берсем таусыла ма құрғырды.
Кейде көңілім өлеңдетіп қалады,
Кейде өзін төмендетіп алады.
Кейде алыстап, ойлаған ой шыңына,
Кейде жетпей, кейде жетіп барады.
Махаббат па? Кейде жаныңды алады,
Кейде өзіңді көп азапқа салады.
Сондадағы мұңсыз өмір сәулесі,
Жүрегіммен бірге кетіп барады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу