Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  239


Автор: Ошақбай Суханберлин

Қойсайшы досым арақты

Қойсаңшы достым арақ деген пәлені,
Білмеуші ме ең, таусылмас оның әлегі.
Біреулер келсе дос деп шыға келесің,
Таныстырып әйеліңе санап бәрін бересің.
Әйеліңді жұмсап, дүкен жаққа бар дейсің,
«Анандай ақты, мынандай ақты ал» дейсің.
«Қазаныңды көтер, сыбағасын сал» дейсің,
Досыңды қолдап, қонақ болып қал дейсің.
Ет піскенше жеңіл-желпі ішейік,
Отырайық, көңілденіп күшейіп.
Бірер шиша ет келгенше кетеді,
Осының өзі желпінуге жетеді.
Біраздан кейін етте келер бұрқырап,
Әйелің де жүгіріп жүр шұрқырап.
Етпен бірге келер тағы аппағың,
Бірте-бірте шығаруға шатпағын.
-Ал, алайық дейсіңдер, саулық үшін,
Бала-шаға, үйдегі жаулық үшін.
Бір-біріңе тілек айтып керемет,
Сіңімді ғой осылайша жеген ет.
Күнде осылай таусылмайтын тіршілік,
Кей достарың осындайдан жүр шіріп.
Ит өмірге шыдап жүр ғой әйелің,
Саған арнап өмірінің мәйегін.
Таңырқаймын саған қарап ез болған,
Бұндай әйел саған қалай кез болған?
Осының бәрін елемедің кезінде,
Беріліп жүріп бір алдамшы сезімге.
Содан бері неше көктем, қыс өтті,
Талай өмірің үй-жайыңнан тыс өтті.
Қойсаңшы достым алдыңдағы арақты,
Дейсің кейде: ішсін деп, құдай жаратты.
Ұрпағың өсіп, жолыңды сенің қуса егер,
Көрерсің сонда, құдай берген азапты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу