Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  114


Автор: Ошақбай Суханберлин

Керемет қой

Керемет қой сонау жастық кезіміз,
Тұратын еді жерге түспей сөзіміз.
Өткір едік, тесіле кеп қалғанда,
Еңкейтетін талайларды көзіміз.
Сөйткен дәурен зулап өтіп барады,
Қыздар бірақ амалын да табады.
Сол желікпен жеме-жемге келгенде,
Жүрек шіркін сыр бермесе, жарады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу