Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  78


Автор: Ошақбай Суханберлин

Дос ортасын

Дос ортасын, шат думанды сүймес кім,
Жалғыздықты өмір бойы сүймеппін.
Өмір деген өнегені үйреніп,
Бақыт деген мақсаты бар үйде өстім.
Мәнсіз жерден жүріппін алшағырақ,
Достарымның үйлері ән-шаңырақ.
Бұл дүниенің қызығын көріп жүрмін,
Әлі талай көрермін... Қанша бірақ?
Өмір деген ағынның жетегінде,
Жол табармын жүрсем де етегінде.
Алла берген ырзықты өтей жүріп,
Өкінбестей болсам ғой, кетерімде...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу