Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  68


Автор: Ошақбай Суханберлин

Бәтіш Мұқатайқызына

Жүрексіз Өмір болмайды ғой, белгілі,
Ал,… Мұғалімсіз–болмайды елдің елдігі.
Данышпан да, патшалар да бас иген,
Мұғаліммен өлшенеді–дүниенің кеңдігі.
Ақыл-ойдың таусылмайтын бұлағындай–мұғалім,
Жылуымен нәрлендіріп тұратұғын ұланын,
Қашан көрсең гүл суарып мәпелеген бағбандай,
Жүретұғын мұғалімді–Мұғалім деп ұғамын.
Ұстаз-ғұмыр мектебімен, шәкіртімен жалғасқан,
Сөзге шешен, ойы терең, өткір тілі алдаспан.
Ұстаз осы – рухы биік әдебиеттің қамқоры,
Алып жүрген Алашымның аманатын талмастан.
Ұлт уызынан қанып ішіп, қуат алып, нәр алған,
Ұстаз сондай терін төгіп шәкірт үшін жаралған.
Ұстаз үшін басты құрмет шәкіртінің озғаны
Бар байлығын солар үшін, тек соларға бере алған.
Ұлттың тілі, әдебиеті – өмірінің өзегі,
Бәтіш Ұстаз сол байлықтың-мол байлықтың өзені.
Бәтіш Ұстаз– тірі тұрған қазақ тілді факультет,
Соны білсең, филфагыңның, бар ма, сірә, керегі.
Қалжың: Бар ғой, бар ғой керегі,
Бәтіш соның көрініп тұрған дерегі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу