Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  299


Автор: Ошақбай Суханберлин

Математика кабинетінің ашылуы

Ассалаумағаләйкум, қош келгендер!
Игі істі, жақсылықты қош көргендер.
Артында Нұрағаның көп іс қалды,
Айтып оны келеді дос, көргендер.
Ұстаздардың ұстазы Нұрағаның,
Жадымызда бейнесі тұр ағаның.
Жалықпайтын, ерінбей жауап берер,
Шәкірттердің білсем деп сұрағанын.
Өзі армандап бір сынып ашсам деген,
Үздіктерге бір жағдай тапсам деген,
Сол арманы біртіндеп асып жатыр,
Білім нұрын жастарға шашсам деген.
Дарындарға бұл сынып арналады,
Аға буын –жас ұрпақ жалғанады.
Аруағы Нұрағаның қолдай жүрсін,
Білім қуып ұмтылған бар баланы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу