Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  95


Автор: Ошақбай Суханберлин

Ұстаз туралы ой

Ғұмыр бойы ұстаз болу оңай ма,
Жаман болсаң шәкірттерің жолай ма.
Оқушының ой-санасын баптаған,
Ұстаз жолы үлгі-өнеге талайға.
Ұстаз жолы нұрын шашқан молынан,
Ғылымменен осы жолда жолығар.
Бағы бар ғой алып жүрген шәкірттің,
Білім дәмін ұстазының қолынан.
Ұстаздық жол – Құс жолына ұқсайды,
Бағыт беріп, арманыңа нұсқайды.
Ұстаз салған осы жолдан сан шәкірт,
Білім жинап, біліктігін ұштайды.
Ұстаздық жол – қиындардың қиыны,
Ұстаздық ой – білім, ғылым жиыны.
Шәкірт үшін шын берілген адамға,
Еңбегінің бола қоймас тынымы.
Шәкірттердің ұстазына жазы көп,
Ұстаздардың маңдайында әжім көп.
Өмір бойы жалықпайтын ұстазды,
БӘЙТЕРЕК деп атамасқа лажың жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу