Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  113


Автор: Ошақбай Суханберлин

Ерекше күн

Ерекше күн–бүгінгі күн, күн ашық,
Табиғат та қалыпты ғой жуасып.
Аруларды құрметтейік біз бүгін,
Күн сияқты келетұғын түн асып.
Жүреміз бе, жүрмейміз бе кемді-күн,
Өлең сыйлау қолдан келсе ендігім.
Амал бар ма, атамасқа мен бүгін,
Халықаралық әйелдердің теңдігін.
Арулары қазағымның құлпырсын,
Әр ақынның жүрегінен жыр тусын.
Елімізді аспандатып көтерер,
Әрбір ару Абылайдай ұл тусын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу