Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  75


Автор: Ошақбай Суханберлин

Көктем басы басталады сендермен

Қыз-келіншек, әйел-ана дем берген,
Мейірімінен дерті барлар емделген.
Нәзік жандар тілегімен оралған,
Қан майданда хас дұшпанын жеңгендер.
Махаббаттың алуан сырын меңгерген,
Бұл дүниенің төрт бұрышын теңгерген.
Күнмен бірге адамзатқа нәр берген,
Көктем басы – басталады сендермен.
Ғажапсыңдар, таусылмайтын жырсыңдар,
Көздеріңде тылсым дүние, сыр тұнған.
Еркектерден қабылдаңдар тілекті, –
Әйелдердің шыға алмайтын ырқынан:
Махаббат айы сендерменен басталды,
Талай ақын жазар әлі дастанды.
Көңілдерің алуан түске боялсын,
Жарқылдатып көгілдір мынау аспанды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу