Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  85


Автор: Ошақбай Суханберлин

Аналардан басталған

Шексіз сүйіп айтатын,
Жүрек жарды әнімсің.
Жаныңнан тау боп қайтатын,
Жұмбағы көп жанымсың.
Күш-қуат беріп тұрады,
Жылы-жылы сөздерің.
Тап-таза таудың бұлағы,
Тұп-тұнық мөлдір көздерің.
Өмірің болса төзімсіз,
Қызықтың орны толмайды.
Бұл фәниде өзіңсіз,
Махаббат, сірә болмайды.
Күн көзінен нәр алған,
Өрімдей жас, кәрі де.
Аналардан жаралған,
Мықтылардың бәрі де.
Әлемде сірә, бар ма екен,
Анашымнан асқан жан?
Аялап өтем анамды,
Нұр жаудырған аспаннан.
Біле білсең сезініп,
Адамзаттың тойлары
Аналардан басталған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу