Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  80


Автор: Ошақбай Суханберлин

Аманат

Өкінішпен өткен екен өмірім,
Сені ойласам, баяғыша көңілім.
Есіме алсам кешірілмес қатемді,
Жүрек сыздап шыдатпайды төзімім.
Осы пәле қайдан маған тап болды,
Ойда жоқта қайдан маған «бақ» қонды.
Әзәзілдің соңына еріп кеткен соң,
Жақындарым жақын болмай жат болды.
Енді тәңір жақсылығын бермейді,
Осы жайлар жүрегімді кернейді.
Өкінермін, өтінермін не пайда,
Бұл өмірім енді айналып келмейді.
Енді ұнамас ешкімге де аяңым,
Енді айналып қолға түспес баяғым.
Кешіруші ең қисық кетсем, әлі де,
Кешірерсің мөлдір менің Баяным.
Білемін ғой сен айтпайсың жаманат,
Жүрегім сенде бердім саған аманат.
Мені ұмытпай, анда-санда мен жайлы,
Есіңе алсаң, сол да маған қанағат.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу