Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  162


Автор: Ошақбай Суханберлин

Сыйласқанға не жетсін

Байлық қуып беталды,
Кім түбіне жете алды?
Болмашыға шыжылдап,
Тоздырмайық ағайын
Жүрек деген детальді.
Өнбейтінге кірісіп,
Тұнық суды ірітіп,
Жақындармен ұрысып,
Кетпеңдерші ағайын,
Қос өкпені шірітіп.
Кемтігіңді қайырылып,
Жөндегенмен жайлы ғып,
Қызғанышты болсаңдар,
Қаларсыңдар ағайын,
Бауырлардан айырылып.
Өткен өмір келмейді,
Жетпейтінді бермейді.
Бір – біріңе тілейтін,
Айтыңдаршы ағайын,
Асыл сөзді кең пейлі.
Талайлармен егестім,
«Идеальный» емеспін.
Мен де бір жан тоздырған,
«Ит жейдесін» кеңестің.
Бәрін айт та, бірін айт,
Қадірменді ағайын,
Сыйласқанға не жетсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу