Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  127


Автор: Ошақбай Суханберлин

Бір мықты

Жемтік көрген қасқырдай қасқа маңдай,
Түрі суық әркімді жасқағандай.
Келе сала қонжиды орындыққа
Не ойы бар, білмейміз, баста қандай.
Бір күн өтті, мықты екенін көрсетті,
Қисыны мен қисынсызды өлшепті.
Көріп тұрып, біліп тұрып арасын,
Айырмапты бүтіні мен бөлшекті.
Зұлымдығы бар екен ғой артында,
Білдірмейді іш қыртысын, қалпын да.
Есепшілер жұгіріп жүр қалтылдап,,
Бәлесінен аулақ дейді жалпылдап.
Бірде ойланып, шырт еткізіп түкірді,
Есептеді нүктесі мен үтірді.
Гәп бар,- деді. Деді дағы кассирді
Лып еткізіп арам ойын бітірді.
Кезек-кезек бәріне де түстенді,
«Бай спонсор табамын» деп күшке енді.
Жан керек қой орындады дәмесін,
Кім жек көрер осылайша күткенді.
Мықты болса, мықты жерге бармай ма,
Жекпе-жекте соларды иіп алмай ма.
Соры қалың қатындарды мәз болып,
Сорғанынша одан да өліп қалмай ма.
Үйренген ғой майын сорып жіліктің,
Не бар-жоғын іштерінде біліп кім?
Күш көрсетіп, сыйлы болып жүрген көп,
Бұл да соның біреуі ғой шіріктің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу