Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  65


Автор: Ошақбай Суханберлин

Жалғыз аққу

Балапанын аялап,
Көл жағалап, саялап,
Жалғыз жүрген аққуды
Елестетіп отырмын.
Көлдің беті тұп-тұнық,
Жердің үсті тып-тыныш.
Осылай мәңгі тұрса ғой,
Естілмей үні топырдың.
Қиналғанын аққудың,
Сәні болған Гәккудің,
Үңіліп ішкі жанына,
Түсініп оны оқыр кім?
Сұлу құстың сыры мол,
Жұмбағы көп, жыры мол.
Ашып сырын әйтеуір,
Саңылау болса оқырмын.
Осындай тыныш ортаны,
Бұза ма деп қорқамын.
Сақтанған жақсы әрине,
Күлі болмай қоқымның




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу