Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  82


Автор: Ошақбай Суханберлин

Көтердім ақ желкенін жыр-кеменің...

Бірінші рет оқып едім, таң қалдым,
Сұлулығын, жан дүниесін аңғардым.
Шолпан жұлдыз секілді екен көктегі,
Қол жетпеген талай сері жандардың.
Жыр толқыны – «Жыр- кеменің» ішінен,
Көпті көрдім көрініп жүрген ісімен.
Ауылды көріп жырларыңнан қуандым,
Басқасы да бар екен, түңілетін түсінен.
Бәрі де бар, кітабыңда наз да бар,
Күліп келген көктем де бар, жаз да бар.
Махаббатты тек жүрекпен білдірер,
Сезіміңді тербететін саз да бар.
Ақындығың сағыныштан жаралған,
«Жыр-кеменің» ішінде екен бар арман.
Поэзия әлемінде Жұлдызым,
Қалықтай бер аққудайын таранған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу