Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  101


Автор: Ошақбай Суханберлин

Шәмші, Жұмекен

Күй болып төгіліп,
ән болып тербеліп,
Мықтымыз біз бүгін,
Жер бүтін, ел берік!
Келеміз көтеріп,
Алаштың айбынын.
Келеміз ғаламды,
Әлемді меңгеріп.
Алысқа баратын,
Барыстай болатын,
Алып ел боламыз,
Алып боп қонатын.
Тәубесін келтіріп,
Алпауыт елдердің,
Алдында жүреміз,
Көңілің толатын.
Шәмші бар аспанда,
Жұмекен қасында.
Елбасы демеп жүр,
Бағалап асылға.
Қазақты тербеткен,
Олардың әндері,
Ұран боп көкте жүр,
Айналып жасынға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу