Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  124


Автор: Ошақбай Суханберлин

Туған ауыл сағынышы

Ауылым – кіндік қаным тамған жерім,
Бағым сонда ашылып, жанған жерім.
Елжіреп те кетемін сағынғанда,
Баптап мені сапарға салған жерім.
Арманымды ұштап, қияға талай салдың ба?
Сынадың ба мені бабалар жолы алдында?
О, қасиетті туған жер – туған ауылым,
Үмітіңді ақтай алмадым ба, алдым ба?
Ұшырып мені бала бүркіт секілді,
Билеттің мені өзіме беріп еркімді.
Арқаң ғой сенің қолым жетсе табысқа,
Қуанам сонда аспанға атып бөркімді.
Күндерім көп сағынып сені еске алып,
Көргем жоқ сенің қуанышыңнан еш қалып.
Алайда сенің жетістігіңді көре алмай,
Кешір мені, жүрсем кейде кеш қалып...
Тұнып тұрған сенің жұмбақ сырларың,
Құлақ түріп жалықпастан тындадым.
Талай-талай табан тіліп кезгенмін,
Сағым тартқан сайын дала қырларын.
Мал жайып кейде, өрісте жүрген шағымда,
Қараймын сонда шаһарлар сынды сағымға.
Аспанда тұрып бозторғай әнін шырқайтын,
Үнін қосып Өмір атты ағынға...
Ошақбай Суханберлин ЕСКІРГЕН ӨЛЕҢДЕР
4
Ауылдың аптап ысып тұрса аспаны,
Діңкеңді құртып жеткізбейді ақшамы.
Арманым сонда: “Қолым жетсе шалапқа,
Бас салар ем, керек қылмай басқаны”.
Содан кейін төрт түлігі қараның,
Өрістен қайтса қуанышы ғой баланың.
Мыңдаған әуен қосылып сонда шырқаса,
Оркестр ме, - деп қаласың Даланың.
О, туған жер!
Сенсің менің жүрегімнің өлшемі
Діңгегі биік – арқаның алтын кіндігі,
Қуанышым менің – ашылған үйдің түндігі.
Мирас болып қалып жатыр ұрпаққа,
Мызғымас мынау елімнің бүтіндігі.
Бақыт қой ойдан ұмыт кетпегені,
Өткен шақ елен қылмай ештеңені.
Тербелтіп әлдилеген бауырында,
Қалайша ұмытармын Ескенені.
Сол аймақ – Қызылоба, Талдыбұлақ,
Мыңшұқыр, Бесқауғасы – кәусар бұлақ.
Елге құт, жердің нәрі – Қарасуы,
Ағатын мың бұралып таудан құлап.
Аюбегім – Жанбаба мекендеген,
Құтты қоныс ұрпаққа етем деген.
Өзіңнен бастау алып ұшсам-дағы,
Ойымда жоқ қол үзіп кетем деген.
Ошақбай Суханберлин ЕСКІРГЕН ӨЛЕҢДЕР
5
Бір сәні Жанаарқаның Ақтау жағы,
Сияқты киіз үйдің жақтау жағы.
Отаутас, Айдаһарлы, Айшырағы,
Жайсаңдар шыққан мекен баптаудағы.
Ақтаудың арғы жағы, бергі жағы,
Бұл аймақ баяғыдан елдің бағы.
Шөбі май, суы балдай, ауасы кең,
Болар ма шіркін сондай жердің бәрі.
О, туған жер!
Сенсің менің жүрегімнің өлшемі,
Жүрсем де жырақ, ұмытам қалай мен сені.
Тамырым сенде нәр алып өскен, ауылым
Ауылым сенсің бәрінен биік еңселі.
О, туған жер!
Сүйемін ауылымның дауылын да,
Сүйемін ауылымның жауынын да.
Үзілмей ғұмыр бойы соғып тұрар,
Қазақтың түп тамыры ауылында.
О, туған жер!
Ұмытса елін, ұмытқанның өзіне мін,
Сондайларға күйзеліп, егілемін.
Қапаланып жүргенде, қолдап мені
Бабаларым жүргендей сезінемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу