Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  201


Автор: Сергей Есенин

Өмір – жалған!

Өмір – жалған!
Көзім оған шын жетті,
Дей алмаймын аруды да аз құштым.
Бұл өмірге кімдер келді, кім кетті? –
Есебінде жалғыз ғана жазмыштың.
Көзім жұмып қайталаймын мен іштен
«Өмір – жалған, ешкімнің жоқ таласы.
Алтын көріп, жолдан тайса періштем,
О, несі бар,
Ол да адамның баласы.
Көз аяма көшірем де аспанды,
Айға қарап отырамын бал ашып.
Ей, пақырым, қинай берме жас жанды,
Тағдырыңмен неғыласың таласып?..».
Бәрін көргем... шайқалғалы тұнығым,
Бәрін кешкем кездерімде арманшыл:
Қыздардың да қырық қатпар қылығын,
Достардың да «жақсылығын» жалғаншыл.
Арам терің төгілетін төсек те,
Өңменіңнен өтетұғын өсек те,
Ту сыртыңнан атылатын кесек те,
Бәрі-бәрі... тумысыңнан есепте!
Өкінбеймін, Шақырмаймын, Жыламан ...
Мені меңдеп бара жатыр бір індет:
Кімді сүйдім, кімді ұнаттым?..
Бәрі ұмыт.
Жұлдыздарда жарық бар да жылу жоқ,
Алтын алқа тұрғанымен тағынып!..
Жалғыздықтан жапа шеккен жандайын
Іштен тынып ірісе де игі ойым,
Мен өмірді қалай ғана қарғайын?
Мен өмірді қалай ғана сүймейін?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу