Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  124


Автор: Сергей Есенин

Ерте ме кеш... кім біліпті мұнысын...

Ерте ме кеш... кім біліпті мұнысын,
Малтамды езіп,
Қағылғанша қап түбі –
Дон Жуаннан айнымады жүрісім,
Ақындықтың аз болғандай аптығы.
Кімге айналдым?
Не тындырдым?
Не бітті?
Есі-дертім ақ балтырдан әріге ауды.
Бас айналып...баса алмадым желікті,
Аз көрдім бе және алдауды, арбауды?..
Мендей ұлды көріп едің қай елден?
Мендей гүлді жұлып едің қай бақтан?
Айтшы, сонда нені іздедім әйелден,
Әзәзілді тіл ұшында сайратқан?!
Тым жек көріп кетпейінші сені, өмір,
Өзім де елге болмайыншы жексұрын.
Келгендегі осы ма еді керегім?
Өлгендегі осы ма еді өксігім?
Бәрі есепте – жұтқан ауа, дәм, мәзір...
Жанарымда батып бара жатыр Күн.
Шынымды айтсам, келіп отыр дәл қазір
Дон Жуанды жекпе-жекке шақырғым!
Жақсылықпен жастықтасып жатыр бақ,
Екі басқа ер еншісі – өткел, жар.
Қорқыныштың аржағында – Махаббат,
Ақ боранның аржағында Көктем бар!
Таңдай қағып тұрған шақта тәмам жақ,
Өткеніңді кешіре алмау – ағаттық.
Кірпік қақпай қараса екен маған бақ,
Алдау, арбау атаулыны талақ қып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу