Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  140


Автор: Сергей Есенин

Қайран, менің Үйеңкім-ай, тым жадау...

Қайран, менің Үйеңкім-ай, тым жадау,
Хал-жайыңа қарайлайтын кім бар-ау?
Алай-дүлей соққан сайын ақ боран,
Көзіме әрең көрінеді ақ-қараң.
Қыдырыстап кеткендейсің елден тыс,
Кесірінен сақтаса екен келген қыс...
Қара жолда қаңғып жүрген мастайын
Үскіріктен үсіді ме башпайың?
Ал мен өзім...қай бір оңған жан едім,
Бір басымнан асып жатыр әлегім.
Қанып-қанбай, тойып-тоймай ащыға
Қанша мәрте тас төсендім астыма...
Құлай барып... ылайланып тұнығым,
Аш қасқырмен Айға қанша ұлыдым?..
Бозым-бозаң бәз күйіммен балғын жас,
Мен сенімен екенмін-ау тағдырлас.
Адым жерге ат шалдырып, аялдап,
Ақ қайыңды құштым қанша әйел деп?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу