Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  105


Автор: Сергей Есенин

Шана. Дала. Ақ қарды...

Шана. Дала. Ақ қарды
Ат тұяғы асайды.
Көз көрімді ішіп-жеп,
Көңіл неге масайды?!
Жазық дала, жарық Ай,
Қайран, орыс қарын-ай!
Жазмышына бас ұрған
Мен де орыспын, жасырман.
Медет болар көңілге
Жұлдызым бар көгімде.
Мына өмірде шерменде
Ол аспанда, мен жерде.
Не болады теңелсем? –
Ол өшеді, мен өлсем...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу