Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  96


Автор: Сергей Есенин

Ай нұр сеппей Хорасанның бағына...

«Ай нұр сеппей Хорасанның бағына,
Неге сонша қалың ойға батты маң?
Көз алдыма Русь келді тағы да
Аймағынан арылмаған ақ тұман...»
Жаным, Ләйла, жабырқаулы қалпымша
Саған емес, мұң шағып ем баққа анау, –
Самарқау да саңырау сол салтынша
Үндеген жоқ,
Ол да ойға батқан-ау...
«Ай жүзіне назарымды бұрған ем,
Әдепкіден жадау екен жамалы...»
Маған ернін жыбырлатты гүл де әрең:
«Біздің де оңып тұрғанымыз шамалы»
Сол сол екен, қолдап, қоштап бір-бірін,
Сол сол екен, жамырасты күллі гүл:
«Шаганэңнен айрылатын күн бүгін,
Қанатыңнан қайрылатын күн бүгін...»
Бар айтқаны: «Өзіме аян сырым бұл,
Байқамай-ақ қойсын мұны жас қонақ...».
Содан, міне, Айдың жүзі бұлыңғыр,
Содан, міне, біздің де жол басқарақ».
Неғылайын қыздың жайын жұмбақтау,
Қысқа күнде мың құбылып тұратын.
Бірақ маған бәрінен де қымбаттау
Сирень исі аңқып тұрған мына түн...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу